Алматы облысында гараждан кәмелет жасқа толмаған екі бозбаланың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған. Өңір полиция департаментінің хабарлауынша, марқұмдардың екеуінің де жасы 17-де болған екен. Колледж студенттері болжам бойынша жер үйдің гаражында көлікті жөндеу кезінде бензин буынан уланып, көз жұмыпты. қазіргі таңда мамандар нақты себебін білу үшін тексеріс жүргізіп жатыр екен.