2026 жылы Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді. Бағдат Мусиннің сөзінше, Ресей тарапы осы типтегі ғарыш кемелерін ұшыруды бірте-бірте бәсеңдетіп келеді. Биыл мүлде жоспарда жоқ. Ал, осыған дейін ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың зиянын кім өтейді?