«Біз әбден біттік пе?» Сапасыз жолға күйінген Қарағанды өңіріндегі Қаражал қаласының тұрғындары Мемлекет басшысын шағымданбақ. Өйткені, былтыр ғана жөнделген жол қар суымен ағып кеткеніне сенімді. Миллиондар жұмсап салып, кейін тоз-тозы шыққан асфальтты енді кім жөндейді? Жауапты мекеме бұған не дейді?