«Жол ақысы жанға батты!» Желі қолданушылары ақылы автобанның тарифін қызу талқылап жатыр. Жүргізушілердің бірі терминал маңында тұрып, аппараттың жолда жүру ақысын есептеп жатқанын видеоға түсіріп, ғаламторға салғаны сол еді, ел-жұрт шулап шыға келді. Роликтің авторы қазір ғана Алматыдан Жаркентке дейін және кері қарай 600 шақырым жүріп келгенін, сол үшін 15 мың теңге төлегенін айтып шамданған.