Үш күн бұрын Алматы тауында жоғалып кеткен келіншек табылды. Бірақ, жағдайы тым ауыр дейді мамандар. Оны құтқарушылар Үлкен Алматы көлінің маңайын ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып іздеген. Бүгін таңертең сағат 11-ге қарай ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Ал биіктен төмен қарай түсіру үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағын пайдаланған. Алғаш болып көмек қолын созған дәрігерлер жағдайының ауыр екендігін хабарлады.