Түркістан облысы Қос төбе ауылындағы жалғыз мектеп апатты жағдайда тұр. 10 жыл бұрын ғана салынған білім ордасының іргетасы шөгіп, қабырғалары жарылып кеткен. Ғимарат құлаудың сәл-ақ алдында тұр. Ал оқу жылы жақындаған сайын оқушылар мен ата-аналар жандарын шүберекке түйіп отыр. Жартылай жарамсыз күйде тұрған білім ордасын Ғалымжан Кенжебек өз көзімен көріп қайтты.