3:50 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТОЙ БАЗАР» бағдарламасы

20-қабаттан секіріп, мерт болды

Ойнап жүр деген балаңыз, өлімді ойлап жүрмесін… Ақтөбелік 12 жастағы қызды қолындағы смартфоны көрге сүйреді. Ата-анасы солай дейді. Жеткіншектің 20-қабаттан секіріп кеткені туралы суыт хабар күні кеше жағамызды ұстатқан еді, артынша әке-шешесі мәлімдеме жасады. Олардың айтуларынша, қыздарының планшеті мен блокноттарын тексере келе, әртүрлі аниме суреттері мен көпке танымал компьютерлік ойынның мобильді нұсқасын тауыпты. «Among Us», яғни «Арамызда» деген бейнеойынның жастар арасында қаншалықты танымал екенін ойнап жүргендер жақсы білетін болар. Ал былтырғы статистика сюжеті басты ауыртып жіберетін бұл қосымшаны жер шарында 500 млн адамның жүктегенін айтады. Ақтөбелік қаршадай қыздың қазасы жайлы біздің тілшіміз сұрастырып келді.

X