7:00 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
8:00 Эфирде әрі қарай «ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, ҚАЗАҚСТАН!»

433 МЛН ТЕҢГЕГЕ САЛЫНҒАН МЕКТЕП ҚҰЛАЙЫН ДЕП ТҰР

433 миллион теңгеге салынған жаңа мектеп құлайын деп тұр. Әңгіме Алматы облысының Қаратал ауылындағы білім ордасы жайлы. 2014 жылы қолданысқа берілген ғимараттың 4 жыл өтпей жатып іргесі сөгіле бастаған. Спорт залдың едені ортасына түсіп, қабырғалар да қақыраған күйі қауіп төндіріп тұр. Оның үстіне құрылысты қабылдап алу кезінде жер сілкінісіне жарамдылығы жіті тексерілмепті.

X