Қауіпті үйлер: Алматыда мыңдаған тұрғын далада қалуы мүмкін

«Бек Эйр» жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған маңдағы тұрғындар далада қалуы мүмкін. Өйткені жер телімінің иелері мен Талғар аудандық әкімдігін Алматы облыстық әкімдігі сотқа берген. Нақтырақ айтқанда, бұл арадағы 14 жер телімінің мемлекеттік АКТ-сін заңсыз деп тану әрі оларға осы құжатты Талғар аудандық әкімдігі заңды белден баса отырып бергені үшін деген айыппен сотқа қағаз келіп түсті. Егер сот бұл айыпты қанағаттандыратын болса, онда Гүлдалада, яғни әуежай маңында орналасқан барлық тұрғын үйлер сүрілуі мүмкін. Бұл хабар кезінде мұндағы жер телімінің өзін 14-15 мың долларға сатып алған жұрттың төбесіне жай түскенмен бірдей әсер етіп, у-шу болды. Толығырақ тілшіміздің келесі материалында.

X