14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

Қазақилықтан жұрдай қылған желі

Уақыт — ақша. Бүгінгі қазақстандықтар осы ұстанымды мықтап ұстанып, ақша табудың жолына әбден түскендіктен, бала тәрбиесі, ұлттық болмыс дегенді назардан тысқары қалдырғалы қашан? Қолжетімді интернет ата-ана мен баланың күніне бір уақыт кең-молынан отырып сөйлесу мүмкіндігінен де айырған жайы бар. Бастысы, смартфонның арғы жағындағылар баланың да, үлкеннің де тәрбиесін «мықтап» қолға алған. Бүгіндері үлкендер жағы трендшіл болып алса, балалар басқа тілде сайрайтын ютубтың, түрлі бейнойындар мен анименің «жанкүйері». Жаһандану дәуіріндегі әр елдің мәйекті мәселесі — өз тілін, тіл арқылы ұлтын, ұлттық болмысын сақтап қалу. Міне, осы жағынан біздің азаматтар да көп нәрсені жоғалтып, жаһандық аждаһаның тырнағына ілігуде. Қалғанын тілшіміз келесі сюжетте әбден тарқатып айтатын болады.

X