Бас дәрігер 200 мың теңге үстемақымның 150 мыңын талап етті

Тағы бір дәрігер Президенттен араша сұрады! Бұл жолы Жамбыл облысы Жуалы аудандық ауруханасының медицина қызметкері жанайқайын жазып, әлеуметтік желіге жариялаған. Видеожазбада Фариза Жанбатырова карантин кезінде жасаған еңбегі үшін берілген үстемақының жартысын басшылар қайтарып беруді талап еткенін айтады. Алғашында 39 мың теңгені өз қолымен қайтарып берсе, екінші мәрте 150 мың теңгені қайтар депті. Бұған шыдамаған әйел талапты орындаудан бас тартқан. Және сол үшін басшылық мені қызметтен босатты дейді

X