10:20 Тікелей эфир «Я ТЕБЯ НАЙДУ». Многосерийный фильм
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «БОЛЬШОЕ ЗЛО И МЕЛКИЕ ПАКОСТИ»

БЕЗБҮЙРЕК АНА 11 ЖЫЛДАН КЕЙІН БАЛАСЫН ТҰНШЫҚТЫРЫП ӨЛТІРГЕНІН МОЙЫНДАДЫ

Қостанайда анасы бауыр еті баласын айдалада тұншықтырып өлтірді. Безбүйрек әйел 11 жылдан кейін ғана жасаған сұмдық әрекетін өз туысқандарына айтып, мойындапты. Кейін бар шыңдықты білген жақыны полицейлерге оқиғаның мән-жайын айтып берген. Қазір тәртіп сақшылары барлық деректерге сүйене отырып, қызға қатысты ақпаратты тексеріп жатыр. Бала азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген. Құжаттарда қыздың анасы тұрған ауыл көрсетілген. Алайда әйел де оның баласы да ол жерде ұзақ тұрмаған. Нәтижесінде, құқық қорғау органдарының өкілдері, қылмыс жасаған ананы тауып алыпты. Оның айтуынша, сол күні ол азаматтық некедегі жігітімен ұрысып, үйінен кетіп қалған. Бір жарым жастағы қызын иен далада өлтіріп, денесін ауыл шетіне тастап, басқа ауданға жол жүріп кетіпті. Қатыгез келіншек тәртіп сақшыларға оқиға орнын көрсеткенімен, баланың сүйегі әлі де табылмады. Әйел көрсеткен жер адам танымастай өзгеріп кеткен.

X