14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

Депутат: Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек!

Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек! Осылай деген Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев әкімдер мен министрлердің жұмысын сынға алды. Халықтың қамын ысырып, тек қалтасын қампайтуды ғана ойлайтындар орнын босатпай, дерттің алдын алуымыз екіталай дейді ол. Бірақ бір апталық жұмысын жіпке тізіп, Асқар Маминге бүгін есеп берген Алексей Цойдың статистикасы көңілге үміт ұялатады. Дегенмен, министр вирустың таралуы бәсеңдемей жатқан бірқатар өңірде карантин шаралары қайта күшейтілуі мүмкін деді. Сонымен эпид ахуал қай облыстарда дұрысталмай жатыр? Сондай-ақ, бетпердені тағуға қатысты заңға қандай өзгерістер енгізілді?

X