Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Израиль президенті ALEM.AI орталығымен танысты

Израиль Президенті еліміздің инновациялық жетістіктерімен танысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астанаға ресми сапармен келген Ицхак Герцог ALEM.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады.

Мұнда IT саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы жүйелердің енгізілуіне жағдай жасалады. Іске асып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.

Израиль Президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және заманауи технологияны игерудегі негізгі жүйелері көрсетілді. Сонымен қатар Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптаспақ.

← Барлық жаңалықтар