Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Мың бас малды шекарадан өткізбек болды

Отар-отар ұсақ малды шекарадан заңсыз өткізбек болғандардың жолы кесілді. Түркістан облысында мың бас қойды көрші елге тасымалдауға оқталғандар әшкереленді.

Заңды белден басқандар жануарларды бірнеше жүк көлігіне тиеген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы шектеулерге қарамастан, олар жалған құжат жасап, малды рұқсатсыз шығаруды ұйымдастырған. Жымысқы әрекет өткізу бекеттерінің бірінде анықталған.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Жануарлар мен көлік құралдары тәркіленді. Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге негізсіз шығаруға жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

← Барлық жаңалықтар