Израиль Президенті Ицхак Герцог Ұлттық музейдің жәдігерлерімен танысты. Мәртебелі мейманға мұражайдың алты залы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Этнография, Ұлы дала тас мүсіндері, Алтын залы және өзге де экспозициялар таныстырылды. Рухани ордада Қазақстан тарихының көне дәуірлерінен бастап қазіргі заманға дейінгі кезеңдерін қамтитын жәдігерлер жинақталған. Ицхак Герцог әсіресе көшпелілердің зергерлік өнеріне жоғары баға беріп, қазақ даласының бай мәдени мұрасына тәнті болды.