Мазмұнға өту
· 2 қаралым

Шибөрі 3 адамды талап тастады

Түркістан облысында жыртқыш бір емес, үш адамды талап тастады. Олардың арасында 4 жасар бала бар. Елдің жағасын ұстатқан жағдай Отырар ауданында болған. Бүлдіршін шибөріні алғаш көргенде қызықтап телефонға түсіріпті. Сол сәтте жабайы жануар кенет қызға атылып, үсті-басын түгел талап тастаған көрінеді. Ол аздай, шырылдаған балаға көмекке келген 15 жасар жасөспірімді де тістеп алған.

Жеткіншектердің әлі келмеген түз тағысын ауыл азаматы балтамен ұрып сұлатыпты. Қазіргі таңда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, арнайы екпе жасалған. Ал ауыр жарақат алған қыз дәрігерлердің жіті бақылауында.

← Барлық жаңалықтар