Мазмұнға өту
· 2 қаралым

Шымкентке жеткен құнды құжаттар

Иран елінің архивтерінен табылған құнды құжаттар Шымкентке жеткізілді. XVIII ғасырдағы қазақ даласы туралы жазбалар қалың көпшілікке таныстырылды. Шетел мұрағатында сақталған құжаттарды 2025 жылы Иран Ислам Республикасының президенті арнайы келіп Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған. Сол кезде Мемлекет басшысы құнды жазбаларды бірнеше қалада көрсетіп, таныстыруға арнайы тапсырма берген. Соның аясында бүгін алғаш рет Шымкентте парсы елінен әкелінген тарихи мұралар ел назарына ұсынылды.

ТҰРСЫНГҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АРХИВІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жердегі өте құнды құжаттардың бірі арқылы Қазақ хандығының дипломатиялық қарым-қатынасын көруге болады. Қазақ даласындағы кең аумақтарды Иран мемлекеті зерттегенін байқаймыз. Қазақ даласында салынған темір жолдар, екі елдің дипломатиялық байланыстары, Ұлы Жібек жолы бағытындағы қатынастар осы құжаттардан көрінеді.

Шетелден жеткен сирек қолжазбалар «Архив – 2025» жобасы аясында табылған. Енді осы саланың мамандары мен тарихшылар түпнұсқаларын алдыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Орталық Азия, Сырдария және Қазақ хандығы туралы парсы тілінде жазылған құжаттар енді Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы жұртшылыққа таныстырылады.

← Барлық жаңалықтар