Түркістан облысында тоғыз айлық сәби ине жұтып, ауруханаға түсті. Өңешіне өксік емес, үшкір зат тығылған бөбек өлім аузынан қалған. Оның өмірін дәрігерлер сақтап қалды. Шырылдаған нәресте емханаға шұғыл түрде жеткізілген. Ақ халаттылар рентгенологиялық тексеру арқылы қауіпті заттың өңеште тұрып қалғанын анықтаған.
Дәрігерлер сәбиге титтей де зиян келтірмей, инені эндоскопиялық әдіс арқылы алып шыққан. Баланың ішкі мүшелеріне зақым келмеген. Қазір сәбидің жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.