Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Күн қайдан шығады?

«Күн қайдан шығады?» Осындай атаумен фильм түсіріліп жатыр. Туындының сюжеті ауруханада танысқан қос қыздың достығымен өрбиді. Бірі көңілді әрі өмірге құштар, мінезі жайдары болса, екіншісі оған керағар кейіпкер. 10-12 жастағы жасөспірімдер шынайы достықтың бейнесін көрсетуге тырысады. Мамандар қысқаметражды кино адамның өз ортасында өсуін, қалыптасуын, қоғамға бейімделуін сипаттайды дейді.

АЙАРУ ӘДІЛҒАЗЫ, АКТРИСА:

Мен осы «Күн қайдан шығады?» қысқаметражды фильмінде басты рөлдердің бірін ойнаймын. Кейіпкерімнің есімі – Эрика. Бұл фильмде оған ауыр мәселе бойынша операция жасалады. Бірақ соған қарамастан, ол әрқашан күлімдеп жүреді. Бір сондай көңілді қыздың рөлін ойнаймын. Бұл рөл өзіме ұқсас, көңіл күйіме де, мінезіме де жақын.

Жалпы, фильм өте визуалды. Кейіпкерлердің көңіл күйін түс, жарық және композиция арқылы жеткізуге тырысқан. Оның үстіне, туынды халықаралық фестивальге жіберілмек. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйытқы болуымен түсіріліп жатыр.

АЙДАР ОМАРОВ, ҰЛТТЫҚ КИНОСТУДИЯ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жалпы, бізде екі бағыт бар. Егер қысқаметражды фильмнің коммерциялық әлеуеті жоғары болса, онда біз сол режиссермен әрі қарай жұмыс істеп, оны кең прокатқа шығатын жобаларға тартамыз. Ал егер авторлық, фестивальдік әлеуеті мықты болса, онда халықаралық нарыққа шығуға көмектесеміз. Біздің мақсат – жыл сайын А санатындағы халықаралық фестивальдерде жүлде алатын жаңа есімдерді табу.

← Барлық жаңалықтар