Шығыс Қазақстанда бір күнде 5 мыңнан астам оқушы сабағын тастап, мектеп ауласына жиналды. Жасөспірімдер қолдарына күрек пен шелек алып, экологиялық челленджге қатысып, ағаш отырғызды. Жеткіншектер білім ордасының жан-жағын жасыл желекке көмкеріп, көшет екті. Қызықты шарадан соң олар ұстаздарымен естелік суретке түсті. Игі бастама «Таза Қазақстан» аясында ұйымдастырылған.
АЙГЕРІМ АЛМАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ «ӨРКЕН» БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:
Бұл челлендж тек ағаш отырғызумен шектеліп қана қоймай, оқушылардың бойына азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, туған жерге сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етті. Ағаш отырғызу – бұл болашаққа жасалған игі қадам.
ЕРАСЫЛ МҰРАТҰЛЫ, ОҚУШЫ:
Біз үшін бүгін ең ерекше күн. Себебі өзімізден кейінгі ұрпаққа, туған жерімізге белгі қалдыру үшін ағаш егіп отырмыз. Бұл өзіміздің мектептің тарихында болашақ оқушыларға естелік болып қалады деп ойлаймын.