Мазмұнға өту
· 19 қаралым

«Қайраттың» бас бапкері ауыса ма?

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері ауыса ма? Осындай ақпарат бірнеше күннен бері желіде желдей есіп жүр. Қазіргі менеджер Рафаэль Уразбахтиннің болашағына қатысты клуб ресми мәлімдеме жасады.

Онда команда басшылығы бас бапкер мен оның штабына толық сенім білдіретіні айтылған. Маманның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін жарамды. Сондықтан оның ауысатыны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарланды.

Айта кетейік, өткен жексенбі күні алматылық «Қайрат» өз алаңында Семейдің «Елімай» командасымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түскен еді. Осыдан кейін Уразбахтиннің орнына Алексей Шпилевский келеді деген қауесет тараған болатын.

← Барлық жаңалықтар