Еліміздегі кейбір жекеменшік емханалар саладағы жаңа тәртіпке келіспей, сотқа жүгінді. Өйткені Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мекемелерді қаржыландыру тәртібін өзгертті.
Енді пациент бір жылдан астам уақыт бойы емханаға бармаса, ол адам үшін бөлінетін тариф төмендейді. Бұрын әр тіркелген адам санына қарай ақша беріліп келген. Алайда көз қысты, бармақ басты әрекеттер анықталған. Тексеру кезінде 4 млн тұрғынның ешқандай ем-дом алмағаны белгілі болды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:
Әңгіме жазалау туралы емес. Емханалар қаржының негізгі бөлігін сақтайды. Өзгерістің мақсаты – медициналық ұйымдарды пациентпен белсенді жұмыс істеуге ынталандыру. Тексерулерге шақыру, скринингтерді еске салу, созылмалы ауруларды бақылау және жалпы пациентті назардан тыс қалдырмау. Сол арқылы аурулар ерте анықталып, тиісінше емдеу жеңіл әрі тиімді болады.