Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Екі күнде 800-ге тарта адамға хаттама толтырылды

Елордада «Құқықтық тәртіп» рейдтік іс-шарасы өтті. Екі күнде 800-ге жуық адам әкімшілік хаттама арқалап, дрон мен көшедегі камерадан ешкім таса қалмады.

Мас жүргізушілер ұсталып, ұсақ бұзақылық жасаған 23 адам мен ішімдікке елігіп, қоғамдық орында тайраңдаған 97 тұрғын жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары түнгі қаланы басына көтерген 33 жасөспірімді ата-анасына табыстапты. Ал заңға бағынбаған 7 шетелдік елден шығарылған.

Полиция елордада емін-еркін жүру үшін заңды сақтау жеткілікті екенін ескертеді.

ЕРЖАН ӘДІЛБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екі тәулік ішінде 800-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жол қауіпсіздігі саласында 8 қарсы жолаққа шығу дерегі және 8 көлік құралын мас күйде басқару дерегі тіркелді. Сонымен қатар көлік құралын басқару құқығынан айырылған 4 адам жауапқа тартылды.

← Барлық жаңалықтар