Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Шарында жыртқыш балапан шығарды

 

Шарын ұлттық паркінің аумағында тазқара балапан шығарды. «Тазалық сақшысы» атанған құстың шөжесі қанаттанып қалған.

Балапан ұяда үш жарым ай тұрып, одан кейін ұшып шығады. Тазқара — табиғаттың «санитары». Ол өлексемен қоректеніп, қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейді. Айта кетейік, бұл құс Қызыл кітапқа енген. Бір қызығы, тазқара жылына бір ғана жұмыртқа салады.

← Барлық жаңалықтар