Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Кореяға кетем бір күні

Оңтүстік Кореяда жұмыс істегісі келетін жандар үшін шетелге заңды түрде қызметке орналасу жеңілдеуі мүмкін. Өйткені екі ел арасындағы заңды еңбекке орналастыру жүйесін іске қосу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Үш кезеңнен тұратын келіссөздің алғашқы сатысы сәтті өтті. Енді қазақстандық тарап Корея делегациясының инфрақұрылым мен орталықтардың жұмысына қатысты қосымша сұрақтарына жауап беруге міндетті.

Ал шетелде кедергісіз жұмыс істеу үшін Алматыда тест тапсырып, Қонаев қаласында медициналық тексерістен өту керек. Сондай-ақ кәріс тілін меңгергеніңізді дәлелдеу маңызды. Бәрі сәтімен болса, Корея түбегінде 3 жылға дейін өндіріс, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етуге болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, отандастарымыздың ол жақтағы ең төменгі жалақысы 1000 долларға жуықтайды.

← Барлық жаңалықтар