Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Жапония – Азиядағы сенімді серіктес

Бүгін Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ясутоши Нишимураны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. Кездесуде Президент Жапония еліміздің Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың перспективасы мен парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты арттыру мүмкіндіктері сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Токиоға жасаған ресми сапарының нәтижесін де тілге тиек етті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сапар аясында құрметті Санаэ Такаичи ханыммен екіжақты қарым-қатынастың барлық бағытын қамтитын бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Сапар кезінде сауда, ғылым және білім, цифрландыру, экология, ауыл шаруашылығы саласына қатысты 17 ведомствоаралық маңызды құжат бекітілді. Қос мемлекеттің бизнес өкілдері түрлі бағытта жалпы құны 3,7 миллиард доллар болатын 60-тан астам құжатқа қол қойды.

← Барлық жаңалықтар