Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Шетелде жүрген қашқын ұсталды

Алаяқтық жасап, елден қашып кеткен азамат Ресейден экстрадицияланды. Күдікті 2023 жылы арнайы сайттарда шетелдік көліктерді сатамын деп жарнама берген. Кейін сатып алушылардың ақшасын алып, ұшты-күйлі жоғалған. Жалпы саны жеті адамның аузын айға қаратқан. Оған халықаралық іздеу жарияланып, Белгород облысынан ұсталған. Енді Бас прокуратураның араласуымен елге жеткізілді. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысында тергеліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар