Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Еріктілер игі іс жасады

«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері қан орталығымен бірлесіп маңызды шара ұйымдастырды. Олар «Ерікті бол – қан тапсыр» акциясы аясында 1 миллион миллилитрден астам қан жинады. Еліміздің ірі 18 қаласында арнайы штаб құрылған. Игі істің арқасында бірнеше жаңа донор қатарға қосылды. Акцияға атсалысқысы келетін азаматтар qantapsyr.kz сайтынан толық ақпарат ала алады.

ӘЛЕМ ӘЛІПБАЕВ, «ЖАҢА АДАМДАР» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Еріктілік дегеніміз бір реттік белсенділік не ресми әрекет қана емес, ол – адамның өмір салты. Яғни өз мүддесінің шеңберінен шығып, айналада болып жатқан үдерістерге бейжай қарамау. Бүгінгі таңда «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы еріктілікті тек сөзбен емес, іспен дәлелдеуге шақырады.

← Барлық жаңалықтар