Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Зейнетақы қорында тағы да реформа

Зейнетақы қорында тағы да реформа. Елімізде қарттыққа деп жиналған қаржыны алуға болатын ең төменгі сома жаңа әдіспен есептеледі. Енді ведомство есеп-қисап жүргізген уақытта бірнеше факторды ескереді. Министрліктің мәліметінше, алдағы өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қарттық кезеңде лайықты зейнетақы алуына кепілдік беру. Енді қордан алуға болатын ең төменгі сома есептелгенде адамның болжамды өмір сүру ұзақтығы, инвестициялық табысы және болашақ төлемдердің мақсатты деңгейі ескеріледі екен.

Сондай-ақ министрлік жинақтар ең алдымен зейнетке шыққаннан кейінгі тұрақты табыс көзі екенін атап өтті. Сондықтан қордағы қаржыға кез келген уақытта шешіп алатын депозит ретінде қарау дұрыс емес. Бұл әсіресе мемлекеттік базалық төлем мен жеке жинақтарға тәуелді жас мамандарға қатысты мәселе. Соңғы 3 жылда ең төменгі шек өзгеріссіз келді. Бұл да жаңа әдістерге негіз болыпты.

← Барлық жаңалықтар