Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Путин Астанаға келеді

Мемлекет басшысы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев солтүстіктегі көршіміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынас дамып келе жатқанын атап өтті. Президент бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асырудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды екенін айтты. Кездесуде Ресей басшысы Владимир Путиннің мамырдың соңында Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселесіне айрықша назар аударылды. Президент елорда аталған оқиғаға ерекше мән беріп отырғанын айтты.

← Барлық жаңалықтар