Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Марапат жауған күн

Марапат жауған күн. Музыкалық білім беру саласында аянбай тер төгіп жүрген бірқатар маманның еңбегі еленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салтанатты түрде табыстады.

Құттықтау сөзінде сала басшысы адал еңбек әрқашан лайықты бағалануға тиіс екенін атап өтіп, жиналғандарға атқарып жүрген жұмыстары үшін ризашылығын жеткізді. Мамандар «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Президенттің «Алғыс» грамотасымен марапатталды.

← Барлық жаңалықтар