Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Елдің тыныштығын күзеткен ұлт өкілдері

Тілі басқа болғанмен, тілегі бір! Елімізде Ұлттық ұлан сапында 30-ға жуық ұлт өкілі қызмет етеді екен. Қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, әзербайжан және тағы да басқа азаматтар иық тіресе жүріп, ел үшін ортақ міндетті абыроймен атқарып жүр.

Олар қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыла еңбек етуде. Ең бастысы, бұл қызметте бәрін біріктіретін бір ғана мақсат – ел тыныштығы мен халықтың амандығы.

← Барлық жаңалықтар