Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Татулық пен бірлік – Қазақстанның басты байлығы

Алматыда да Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен атап өтілуде. Абай алаңына келген тұрғындар елдегі этностардың мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Қазақ өнерінің қайраткерлері әннен шашу шашып, жырмен сусындатты. Алаңның ортасына үлкен шаңырақ тігіліп, айналасына этномәдени орталықтардың шатырлары тігілген. Онда әр ұлттың дәстүрлерін, киімдерін, тұрмыстық заттарын және тағамдарын көрсететін көрме ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен 15 мейрамхана атсалысыпты.

Мереке ұлтаралық келісімді нығайтуға, мәдени өзара ықпалдастықты дамытуға және қаладағы гастрономиялық туризмді дамытуға серпін береді дейді мамандар. Қала тұрғындары жылы лебіздерімен бөлісті.

АҚНҰР НАУРЫЗБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бәріміз осылай тату-тәтті, бір шаңырақ астында өмір сүре берейік. Еліміз осылай көркейе берсін, көбейе берейік. Ынтымақтастығымыз, бірлігіміз арта берсін!

ДАНАХАН ӘЙНЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Елімізге тыныштық болсын, барлық халықтарға татулық болсын! Осы елімізде жасап жатқан барлық ұлттардың дендері сау болсын, ынтымақтары, бірліктері жоғалмасын.

ЕЛМИРА СЕРАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Барша дүниежүзінің тілегі – бейбітшілік қой. Аспанымыз ашық, басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Бейбітшілік болсын!

← Барлық жаңалықтар