Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Субұрқақтағы су неге боялып жатыр?

Алматыда субұрқақтағы суды бояп жатқандар бейнежазбаға түсіп қалды. Күн ыстықта көпшілік үйір болатын аумақтағы жағдай жұртты жүрексіндіріп қойған. Олар химиялық қоспаның адамдарға зияны бар деп алаңдапты. Сөйтсе, бұл ешқандай бояу емес екен. Бар болғаны әкімдік өкілдері субұрқақты санитарлық талапқа сәйкестендіріпті. Тостағандарын тазартып, жабдықтарын жаңартып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы реагенттермен өңдеу шараларын жүргізген.

← Барлық жаңалықтар