Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Алматы әуежайын тағы да су басты

Алматыда 220 млн долларға салынған жаңа әуежайды тағы су басты. Нысанның шатыры шелектеп құйған нөсер жаңбырға шыдас бермей, тексеру және паспорттық бақылау аймақтары суға толып қалды. Мына кадрларға қарасаңыз, құдды ғимараттың шатыры жоқтай. Судың көлемі тобықтан асып, екі бірдей терминалдың ішінде жүріп-тұру қиындаған. Қызметкерлер әдеттегідей өз жұмысына кіріспей, еден сүртіп, шүберек сығып, барынша суды азайтуға әлек болды. Тіпті компьютерлерге дейін су тиген. Сырттағы көлік тұрағында да дәл осындай көрініс. Дегенмен бұл оқиға рейстердің ұшып-қону кестесіне еш әсер етпепті. Әуежай басшылығы жарты сағатта жағдайды реттедік деп отыр. Енді жап-жаңа терминалдың неліктен төбесінен су сорғалағанын анықтап жатыр екен. Ол үшін инфрақұрылымын қайтадан толық тексермек. Айта кетейін, әуежай екі жыл бұрын ғана қолданысқа берілген еді.

← Барлық жаңалықтар