Мазмұнға өту
· 136 қаралым

Шығыс Қазақстанда тағы да орман өртенді

Ал Шығыс Қазақстанда дала өртеніп жатыр. Бұқтырма су қоймасы маңындағы орман отқа оранды. Шатқалдың шетінен басталып, тұтас алқапты шарпыған тілсіз жау төтеншеліктерді әбден әбігерге салды. Өйткені желдің әсерінен пытырлап жанған бұта мен тарсылдап жанған ағашты ауыздықтау қиынға соққан. Ақыры тікұшақтың көмегімен Бұқтырманың суын бүркіп жүріп, жалынға тойтарыс берді. Өртті оқшаулауға ондаған маман мен орманшылар да атсалысқан.

← Барлық жаңалықтар