Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Риддерліктер жылудан тарықпайды

Риддер қаласының тұрғындары енді жылудан таршылық көрмейді. Үкімет Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында шаһардағы желілерді жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл қаражат шаһардың инфрақұрылымын алдағы жылыту маусымына дайындауға жұмсалмақ. Жоба шеңберінде тозығы жеткен 12 желіге, сондай-ақ 5-ші және 6-шы қазандықтардың агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізіледі.

ҚР ҮКІМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Жұмыстарды жүргізу қажеттілігін техникалық тексеру нәтижелері растады. Мамандар жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін учаскелер мен жабдықтарды анықтады. Өткен жылыту маусымы барысында жекелеген учаскелерде зақымданулар мен тозу белгілері анықталып, оларды жоспарлы түрде жаңарту қажеттілігі дәлелденді. Қазандық агрегаттары мен жылу желілерін жөндеу жылу жүйесінің тұрақты жұмысын арттырып, қала тұрғындарын жылумен қамтудың сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

← Барлық жаңалықтар