Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Қазақстан құрамасы топ жарды

Қазақстандық оқушылар әлемдік жарыста топ жарды. Робототехникадан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 12 марапатқа ие болып, жоғары нәтиже көрсетті.

Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 50 мыңға жуық қатысушы жиналған. Ел намысын қорғауға өңірлерден 225 оқушыдан құралған делегация аттанды.

Төрт күнге созылған тартысты жарыста қазақстандық оқушылар барлық санатта жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

← Барлық жаңалықтар