Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Бас прокуратура шұғыл үндеу жасады

Желідегі жарнамалардан абай болыңыз! Әлдекімдер құзырлы орган қызметкерлерінің бейнесін қолданып, жасанды интеллектінің көмегімен жалған видео жасапты. Онда тұрғындарға қаржылай көмекті қайтару бойынша мемлекеттік мекемелердің көмегі ұсынылған. Қазірдің өзінде бейнероликті 240 мың адам көріп үлгеріпті. Алайда Бас прокуратура мұның бәрі әккілердің кезекті айласы екенін ескертіп отыр. Соған сенемін деп бар жиған-тергеніңізден айырылуыңыз мүмкін дейді. Видеода ақшаңызды қайтарып береді деген сылтаумен айтылған «Инвестицияларды бақылау агенттігі» деген мемлекеттік орган елімізде атымен жоқ. Қазір алыпқашпа әңгіме таратқандар іздестіріліп жатыр. Сондықтан қырандай қырағы болып, күмәнді сілтемелерді ашпаңыз әрі желіде жеке деректерді таратпаңыз.

← Барлық жаңалықтар