Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Енді әр өңір мерекеге теңдей қаржылай көмек алады

Елімізде мейрамдарға берілетін біржолғы әлеуметтік төлемдер теңестірілді. Енді республикамыз бойынша ол бірыңғай болады, яғни екі жарым айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс. Бұл – 10 мың 812 теңге. Бұрын бұл сома жергілікті бюджеттерге байланысты есептелген еді. Салдарынан аймақтар арасында едәуір айырмашылық туындаған. Бұдан былай төлемдер күнкөріс деңгейіне қарай автоматты түрде индекстеледі. Ал барлық процестер «Е-Собес» цифрлық форматына ауыстырылады екен. Жауаптылар ол рәсімдеуді жеделдетіп, тұрғындар үшін жүйені айтарлықтай ыңғайлы етеді дейді. Қазір барлық өңір тиісті өзгерістерді енгізіп жатыр. Айта кетейін, біріздендіру Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып келеді. Үкімет барлық жұмыстарды 1 желтоқсанға дейін аяқтауды бекініп отыр.

← Барлық жаңалықтар