Әскерилер қатары толықты. Елордада Құралбек Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті жанындағы әскери кафедрада тәлім алған 448 студент салтанатты түрде ант қабылдады. Олар енді запастағы әскери қызметшілер болып есептеледі. Маңызды шараға оқу орнының ұжымы, әскери кафедрадағылар және курсанттардың ата-аналары қатысты. Әке-шешелері балаларының жауапты қадам жасағанын мақтан тұтатынын жеткізді. Үздік курсанттар марапатталды. Кеш соңы әскери-патриоттық концертке ұласты. Әскери кафедраның курсанттары екі жыл ішінде қосымша әскери мамандық алып, запастағы офицер болып шығады.
АНЕЛЬ ӨТЕГЕНОВА, СТУДЕНТ:
Негізі, бұл менің арманым еді. Осылай форма киіп, өзімнің ісімді атқарып, Отан алдындағы борышымды өтеу. Жалпы, бүгінгі күні өте қуаныштымын. Екі жылғы еңбегім ақталып, осылай ант қабылдау рәсімінде өзімді көрсеткеніме үлкен алғыс білдіремін.