Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Енді ауру адам көлік жүргізбейді

Денсаулығы көлік айдауға жарамайтын адамдар енді рөлге отыра алмайды. Бұрын мұндай жүргізушілерді куәлігінен айыру үшін соттың шешімін айлап, тіпті жылдап күту керек еді. Соның салдарынан 22 мыңнан аса адам әлі күнге дейін емін-еркін темір тұлпарын тізгіндеп жүр екен. Енді бұл олқылық жойылмақ. Осы шетін мәселені шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері біріктірілмек. Егер дәрігер адамның қабілетсіздігін анықтаса, жүйе оның көлік жүргізу құқығын сол сәтте-ақ бұғаттайды. Дегенмен мұндай азаматтардың нақты диагноздары ашық айтылмайды, тек «көлік басқаруға медициналық тұрғыдан болмайды» деген белгі ғана беріледі. Мәжіліс тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жалпы алғанда, заң жобасы жүргізушілерді даярлаудың тиімді, ашық және басқарылатын жүйесін қалыптастырып, елдегі жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға ықпал етеді.

← Барлық жаңалықтар