Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Ұсақ малға қырғидай тиген

Солтүстік Қазақстанда ым-жымы бір төрт жігіттен құралған қылмыстық топ қолға түсті. Олар Тайынша ауданындағы қора-қопсыны торуылдап, ұсақ малға қырғидай тиген. Қызығы сол, мал иелері қойларының жоқ екенін полиция ескерткенде ғана бір-ақ біліпті. Күдіктілер — 20 мен 24 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар. Олар аша тұяқты жануарларды көліктің жүксалғышына тоғытып, базарға апарып сатып жүріпті. Қазіргі таңда қаскөйлердің 23 қойды қолды қылғаны белгілі болды. Дегенмен ұрланған малдың бір бөлігі иелеріне қайтарылыпты.

← Барлық жаңалықтар