Мазмұнға өту
· 7 қаралым

«Қорғаста» жиырма шақты фура жанып кетті

Миллиардтаған тауар күлге айналды. Қазақстан мен Қытайдың шекарасындағы «Қорғас» кеден бекетінің аумағында тауарға лық толы 17 фура дымы қалмай жанып кетті. Лапылдап жанған от қас-қағым сәтте жүк көліктерінің түгін қалдырмаған. Оқиға Қытай тарапына тиесілі аумақта болғандықтан, біздің жедел қызметтерге хабар түспепті. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны, зардап шеккендердің бар-жоғы, қанша шығын келгені әзірге белгісіз. Бұл істі көрші елдің құзырлы органдары тергеп жатыр екен. Ал Жетісу өңірінің билігі ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз, құқықтық әрі қажетті барлық көмекті көрсетеміз деп отыр.

НАЗЕРКЕ СМАҒҰЛОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған оқиға бойынша 101 және 112 жедел қызметтерінің пульттеріне хабарлама түспеген. Себебі бұл аумақ ҚХР-ға тиесілі болып саналады.

← Барлық жаңалықтар