Мазмұнға өту
· 1 қаралым

Қазақстан ардагерлерге қолдау көрсетуде көш бастады

Қазақстан соғыс ардагерлеріне қолдау көрсету жағынан көрші елдер арасында көш бастап тұр. Жеңістің 81 жылдығына орай биыл 32 мыңнан астам адамға бір реттік төлем беріледі. Олардың қатарында майдангерлер, тыл еңбеккерлері және қаза тапқан жауынгерлердің отбасылары бар. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінде елімізде 57 соғыс ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына 5 млн теңгеден төленді. Бұл көрсеткіш көршілес елдердегі көмек көлемінен бірнеше есе жоғары. Мемлекет осылайша сұрапыл соғыста қан кешкен ардагерлердің ерлігіне құрмет көрсетіп, әлеуметтік қолдауды жалғастырып келеді.

← Барлық жаңалықтар