Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Өскеменде көпір құлап, адамдар зардап шекті

Ойынан от шықты. Өскеменде жеткіншектер жаяуларға арналған аспалы көпірді тербетіп ойнап жатқан кезде, жалғанған жерлері бытыр-бытыр үзіліп, опырылып құлап кетті. Соның салдарынан 8 адам зардап шекті, олардың төртеуі кәмелетке толмағандар. Қала әкімдігінің мәліметінше, суыт хабар түсісімен төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жедел жеткен. Үсті-басы ауырсынғандар түгел дәрігерлердің тексеруінен өткен. Сәтін салғанда, ауыр жарақат алғандары жоқ екен. Көбінің денелері әр жерден сырылып, көгеріп қалыпты.

АМИНА ҚҰРМАНЖАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі уақытта көпір уақытша жабылды. Самал саябағын қайта жаңғырту аясында көпірді жаңарту және күшейту жұмыстары қарастырылады. Жағдай қала әкімінің бақылауында.

← Барлық жаңалықтар