Ал астаналық құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды. Байқоңыр ауданында жеке тұрғын үй өртке оранып, ол жерге дереу жеткен өрт сөндірушілер үйдің ішінен 9 газ баллонын дер кезінде сыртқа алып шықты. Төтенше жағдай қызметкерлері тілсіз жауды жылдам ауыздықтап, көрші ғимаратқа таралуына жол бермеді. Зардап шеккен ешкім жоқ.