Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Хоккейден әлем чемпионы атандық

Сүйінші! Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде топ жарды. Бірақ саңлақтарымыз әзірге жаһан додасының бірінші дивизионында атой салып жүр. Талғат Жайлауовтан тәлім алатын жігіттер Польшада жалауын желбіреткен сайыста қарсыластарын қоғадай жапырып, мерзімінен бұрын алтын жүлдеге ие болды. Төртінші кездесуде жерлестеріміз Украина құрамасынан айласын асырды. Матчтың негізгі уақыты тартысқа толы болып, 4:4 есебімен тең аяқталған еді. Десе де ойын соңындағы буллит сериясында біздің жігіттер жеңісті жұлып алды. Осылайша араға бір жыл салып құрама хоккейдің элитасына қайта оралды. Енді ұжым 2027 жылы кіл мықтылармен шеберлік байқасады. Айта кету керек, біздің команда соңғы 5 жыл бойы әлем біріншілігінің жоғары тобында үздіксіз бақ сынап келді.

← Барлық жаңалықтар