Төрт мың метрге шығамын деп, өліп қала жаздады. Алматылық құтқарушылар зәу биікте жағдайы күрт нашарлаған 18 жастағы жігітті тікұшақпен эвакуациялауға мәжбүр болды. Сөйтсе, бір топ альпинист Панфиловшылар батырлары шыңын бағындыруға бел буып, аттанған екен. Діттеген межеге аз қалған кезде кәмелетке енді толған бозбаланың жағдайы күрт нашарлаған. Алғашқы көмек көрсетілгенімен, ары қарай қарға адым жүруге де шамасы болмапты. Ал мамандар оны Мәншүк Мәметова атындағы 6-шы көлдің аумағына алып түсіп, медицина қызметкерлеріне тапсырған. Жедел әрекеттің арқасында жас жігіт аман қалды. Дәрігерлердің айтуынша, өкпесі қабынып кетіпті, жағдайы орташа ауыр.